Семинар-тренинг
Түрксіб ауданының №11 мектебінде маңызды семинар-тренинг өтті! Мектеп психологы 8–11 сынып оқушыларымен тренинг өткізді. Психолог Турганбай А. кәмелетке толмағандар арасында нашақорлық, лудомания, интернетке тәуелділік және буллингтің алдын алу бойынша маңызды кездесу ұйымдастырды. Семинар барысында оқушыларға зиянды әдеттерден аулақ болу жолдары түсіндіріліп, психологиялық кеңестер берілді. Оқушылар өз ойларын ашық білдіріп, сұрақтар қойып, белсенділік танытты. Семинар тренинг В школе №11