Алматы қаласы Білім басқармасының
«№11 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 234-10-46
Есепші бөлімі:
+7 (727) 290-57-52
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Музейге саяхат/Экскурсия по музею
05
маусым
2026

Музейге саяхат/Экскурсия по музею

Музейге саяхат: Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі
№11 ЖББМ КММ «Қарлығаш» жазғы лагерінің тәрбиеленушілері Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейі музейіне танымдық саяхат жасап қайтты.
Саяхат барысында оқушылар қазақ халқының бай музыкалық мұрасымен танысып, ұлттық аспаптардың шығу тарихы мен ерекшеліктері туралы көптеген қызықты мәліметтер алды. Музей қорында сақталған домбыра, қобыз, жетіген, сыбызғы және басқа да сирек кездесетін аспаптар балалардың ерекше қызығушылығын тудырды.
Экскурсия жетекшілері әрбір аспаптың тарихы мен қолданылуы жөнінде әсерлі әңгімелеп, халқымыздың мәдени құндылықтарын насихаттады. Тәрбиеленушілер ұлттық өнердің тереңдігін сезініп, ата-бабаларымыздан қалған асыл мұраға деген құрметтері арта түсті.
Бұл танымдық саяхат балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, олардың ұлттық мәдениетке деген қызығушылығын арттыруға үлкен үлес қосты. Оқушылар музейден ұмытылмас әсер алып, жаңа біліммен оралды.

Путешествие в музей: Музей народных музыкальных инструментов им. Ыкыласа
Воспитанники летнего лагеря «Карлыгаш» КГУ ДОУ № 11 совершили познавательную поездку в Музей народных музыкальных инструментов им. Ыкласа г. Алматы.
В ходе поездки школьники ознакомились с богатым музыкальным наследием казахского народа, получили много интересных сведений об истории и особенностях происхождения национальных инструментов. Особый интерес у детей вызвали такие редкие инструменты, как домбра, кобыз, жетыген, сыбызгы и другие, хранящиеся в музейном фонде.
Руководители экскурсий рассказали об истории и применении каждого инструмента, пропагандировали культурные ценности нашего народа. Воспитанники чувствовали глубину национального искусства и уважение к наследию наших предков.
Это познавательное путешествие не только подарило детям хорошее настроение, но и внесло большой вклад в повышение их интереса к национальной культуре. Школьники получили незабываемое впечатление от музея и вернулись с новыми знаниями.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: