04
маусым
2026
Көрме «Рәміздер – елдіктің белгісі»
Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіз еліміздің тарихын, мәдениетін және ұлттық құндылықтарын айқындайтын қасиетті белгілер. Қазақстан Республикасының Туы, Елтаңбасы және Әнұраны – халқымыздың бірлігі мен егемендігінің нышаны.
Көк Туымыз – бейбітшілік пен ашық аспанның белгісі. Оның ортасындағы алтын күн мен қыран құс еркіндік пен болашаққа деген сенімді білдіреді. Елтаңбада шаңырақ бейнесі арқылы халықтың ынтымағы мен ортақ үйі көрініс тапқан. Ал Әнұран елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімді оятады.
Бұл көрмеде мемлекеттік рәміздердің шығу тарихы, авторлары және олардың маңызы туралы әдебиеттер мен ақпараттық материалдар ұсынылған. Көрме оқырмандарды Отанды құрметтеуге, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге және елжандылық рухын нығайтуға шақырады.