«АДАЛ АЗАМАТ» тақырыбындағы сынып сағаты/Классный час на тему «АДАЛ
Бүгін біз «Адал азамат», «Жеке қауіпсіздік», «Алматы – таза қала» және жолда жүру ережелері туралы әңгімелесеміз. Адал азамат – бұл тек шыншыл адам ғана емес, сонымен қатар қоғамға пайдалы, тәртіпті, жауапкершілігі жоғары тұлға. Әрқайсымыз адал болсақ, еліміз де дамып, көркейе түседі. Жеке қауіпсіздік – әр адамның басты міндеті. Қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы біз өз өмірімізді және айналамыздағы адамдарды қорғаймыз. Мысалы, көшеде бейтаныс адамдармен сақ болу, қауіпті жағдайлардан аулақ