Балалар кітапханасы: қазіргі балалар және рухани құндылықтар
Мектебімізде 8-сынып оқушылары арасында өзекті тақырыпта пікірсайыс ұйымдастырылды. Пікірсайыстың негізгі тақырыбы: «Балалар кітапханасы – қазіргі балалар және рухани құндылықтар». Оқушылар қазіргі қоғамдағы кітапхананың рөлі туралы өз ойларын ортаға салып, жан-жақты талқылау жүргізді. Бүгінгі таңда балалардың көп уақыты гаджеттер мен әлеуметтік желілерде өтетіні белгілі. Соған қарамастан, кітап оқу олардың ой-өрісін кеңейтіп, адамгершілік қасиеттерін дамытуда ерекше маңызға ие екені атап