Алматы қаласы Білім басқармасының
«№11 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 234-10-46
Есепші бөлімі:
+7 (727) 290-57-52
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Түйеқұс фермасына қызықты саяхат/Интересное путешествие на страусиную ферму
10
маусым
2026

Түйеқұс фермасына қызықты саяхат/Интересное путешествие на страусиную ферму

Түйеқұс фермасына қызықты саяхат
Бүгін «Қарлығаш» лагерінің оқушылары түйеқұс фермасына барып, тамаша саяхат жасады. Ферма сырттай қарағанда-ақ ерекше әсер қалдырды: кең аумақ, жайқалған жасыл шөптер мен алуан түсті гүлдер көздің жауын алды.
Фермаға келгенде бізді жылы қарсы алған жетекшілер алдымен шаруашылық туралы қызықты мәліметтер айтты. Олар түйеқұстардың көлемі, салмағы және ерекше қасиеттері жайында әңгімеледі. Біз түйеқұстарды жақыннан көріп, оларды тамақтандыру мүмкіндігіне де ие болдық.
Әсіресе, түйеқұстардың ұша алмайтынына қарамастан, өте жылдам жүгіретіні бізді таңғалдырды. Бұл құстардың ерекшеліктері туралы көптеген жаңа ақпарат алдық.
Саяхат барысында түрлі ойындар, жарыстар және сергіту сәттері ұйымдастырылды. Ферма қызметкерлері бізді ерекше ықыласпен қарсы алып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Түйеқұс фермасына жасаған бұл саяхатымыз өте қызықты әрі танымдық болды. Біз табиғатпен жақынырақ танысып, көптеген пайдалы мәліметтер алдық. Осындай әсерлі күннен кейін лагерьге көтеріңкі көңіл күймен, жарқын естеліктермен оралдық.

Интересное путешествие на страусиную ферму
Сегодня ученики лагеря «Карлыгаш» посетили птицефабрику и совершили замечательное путешествие. Ферма произвела на них впечатляющее впечатление: широкая территория, раскинувшиеся зеленые травы и разноцветные цветы.
По приезду на ферму нас тепло встретили руководители, которые рассказали интересную информацию о хозяйстве. Они рассказали о размерах, весе и особых свойствах страусов. Мы увидели вблизи страусов и получили возможность их покормить.
Особенно нас удивило, что, несмотря на то, что страусы не могут летать, они бегают очень быстро. Мы получили много новой информации об особенностях этих птиц.
В ходе поездки были организованы различные игры, соревнования и развлекательные моменты. Сотрудники фермы встретили нас с особым энтузиазмом и подарили хорошее настроение.
Это путешествие на страусиную ферму было очень интересным и познавательным. Мы ближе познакомились с природой и получили много полезной информации. После такого впечатляющего дня мы вернулись в лагерь с приподнятое настроение, с яркими воспоминаниями.




Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: