Алматы қаласы Білім басқармасының
«№11 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 234-10-46
Есепші бөлімі:
+7 (727) 290-57-52
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балалар кітапханасы: қазіргі балалар және рухани құндылықтар (пікірсайыс)
16
сәуір
2026

Балалар кітапханасы: қазіргі балалар және рухани құндылықтар (пікірсайыс)

Мектебімізде 8-сынып оқушылары арасында өзекті тақырыпта пікірсайыс ұйымдастырылды. Пікірсайыстың негізгі тақырыбы: «Балалар кітапханасы – қазіргі балалар және рухани құндылықтар».

Оқушылар қазіргі қоғамдағы кітапхананың рөлі туралы өз ойларын ортаға салып, жан-жақты талқылау жүргізді. Бүгінгі таңда балалардың көп уақыты гаджеттер мен әлеуметтік желілерде өтетіні белгілі. Соған қарамастан, кітап оқу олардың ой-өрісін кеңейтіп, адамгершілік қасиеттерін дамытуда ерекше маңызға ие екені атап өтілді.

Пікірсайыс барысында қатысушылар кітапхананың тек кітап сақтайтын орын емес, түрлі мәдени іс-шаралар өткізетін, заманауи әдістер арқылы балаларды білімге және рухани құндылықтарға баулитын орталық екенін дәлелдеуге тырысты. Сонымен қатар, кітапханаларды заман талабына сай жаңартып, балалар үшін тартымды әрі пайдалы ортаға айналдыру қажеттігі айтылды.

Шара оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамытып, өз пікірін еркін жеткізе білуіне мүмкіндік берді.


В школе была организована дискуссия на актуальную тему среди учащихся 8-х классов. Основная тема дискуссии: «Детская библиотека - современные детские и духовные ценности».
Школьники поделились своими мыслями о роли библиотеки в современном обществе и провели всестороннее обсуждение. Как известно, большую часть времени дети проводят в гаджетах и социальных сетях. При этом было отмечено, что чтение книг имеет особое значение для расширения кругозора и развития их нравственных качеств.
В ходе дискуссии участники попытались доказать, что библиотека является не только местом хранения книг, но и центром проведения различных культурных мероприятий, приобщения детей к знаниям и духовным ценностям современными методами. Также было отмечено, что библиотеки необходимо обновить в соответствии с современными требованиями, сделать привлекательной и полезной средой для детей.
Мероприятие позволило учащимся развить критическое мышление и свободно выражать свое мнение.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: