Көрме /Выставка
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мектебімізде ерекше көрме ұйымдастырылды. Оқушылар өз қолдарымен жасаған суреттері мен қолөнер бұйымдарын көрмеге қойды. Әрбір жұмыс мейірім мен сүйіспеншілікке толы болды. Балалар аналарына, әжелеріне және ұстаздарына арнап әдемі ашық хаттар, түрлі-түсті суреттер, қағаздан және матадан жасалған гүлдер мен бұйымдар дайындады. Көрмеге келген қонақтар оқушылардың шығармашылығына ризашылықтарын білдіріп, жылы лебіздерін айтты. Бұл көрме оқушылардың өнерге