Кітапханаға саяхат
№11 ЖББМ оқушылары қазақ поэзиясының мұзбалағы, ұлы ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 95 жыл толуына орай 15-кітапханамен бірлесіп тағылымды дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шараның негізгі мақсаты – оқушыларға ақынның өмірі мен шығармашылығын кеңінен насихаттау, поэзияға деген қызығушылықтарын арттыру және ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеу болды. Дөңгелек үстел барысында оқушылар Мұқағали Мақатаевтың өмір жолына шолу жасап, оның лирикалық өлеңдерінің ерекшелігіне тоқталды. Ақын