Сынып сағаты «АДАЛ АЗАМАТ»/ Классный час на тему «АДАЛ АЗАМАТ»
Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған «Бірлік пен келісім» тақырыбындағы «АДАЛ АЗАМАТ» бағдарламасы аясындағы сынып сағаты. 22 желтоқсанда № 11 ЖМ КММ «АДАЛ АЗАМАТ» бағдарламасы аясында Бауыржан Момышұлының туғанына 115 жыл толуына арналған «Бірлік пен келісім» тақырыбында сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты оқушылардың бойында патриотизм, азаматтық жауапкершілік, тарихи мұраны құрметтеу құндылықтарын қалыптастыру, сондай-ақ бірлік пен келісім мәдениетін тәрбиелеу болды.