Джангл Паркте өткен шаттыққа толы күн! / Весёлый день в Джангл Парке!
Бүгін №11 ЖББ мектеп жанындағы жазғы лагерьдегі балалар үшін нағыз жарқын да ұмытылмас күн болды! Біз “Джангл Парк” ойын-сауық орталығына барып, әр бала өзіне ұнайтын қызықты іспен айналысты — қызықты аттракциондар, көңілді ойындар мен ерекше оқиғалар! Балалар керемет әсер алып, қуаныш пен шаттыққа бөленіп, есте қаларлықтай көңілді сәттерге толы болды. “Джангл Парк” ұжымы мен ұйымшыл қызметкерлеріне жылы қарсы алғандары мен тамаша көңіл күй сыйлағандары үшін үлкен алғыс айтамыз! #№11Мектебі