Алматы қаласы Білім басқармасының
«№11 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 234-10-46
Есепші бөлімі:
+7 (727) 290-57-52
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Білімім – Отаным». тақырыбында эссе байқауы
22
мамыр
2026

«Білімім – Отаным». тақырыбында эссе байқауы

Бүгін мектебімізде «Білімім – Отаным» тақырыбында 1–11 сынып оқушылары арасында эссе байқауы өтті. Байқаудың мақсаты – оқушылардың білімге деген құштарлығын арттырып, Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастыру болды.

Эссе жазу барысында оқушылар білімнің адам өміріндегі маңызы, ел болашағы үшін сапалы білімнің қажеттілігі туралы өз ойларын ортаға салды. Әр қатысушы тақырыпты жан-жақты ашып, шығармашылық қабілеттерін көрсете білді.

Байқау өте қызықты әрі тартымды өтті. Оқушылар өздерінің сауаттылығын, ойлау қабілетін және патриоттық сезімдерін танытты. Үздік жұмыстар марапатталып, қатысушыларға алғыс білдірілді.

Осындай шаралар жас ұрпақты білімді, отансүйгіш азамат болып қалыптасуға тәрбиелейді.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: