02
наурыз
2026
«Спорт- денсаулық кепілі» эстафеталық ойыны
№11 ЖББМ-де оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық эстафеталық ойын ұйымдастырылды. Іс-шараға 8–11 сынып оқушылары белсенді түрде қатысты.
Жарыстың негізгі мақсаты – оқушыларды жаман әдеттерден, атап айтқанда нашақорлықтан, лудоманиядан, темекі шегуден және токсикоманиядан аулақ болуға тәрбиелеу. Сонымен қатар оқушылардың денсаулығын нығайту, олардың шапшаңдық, жылдамдық, төзімділік сияқты дене қабілеттерін дамыту және салауатты өмір салтын ұстануға баулу көзделді.
Эстафеталық ойын барысында оқушылар белсенділік танытып, ұйымшылдық пен спортқа деген қызығушылықтарын көрсетті.
В КГУ ОШ №11 с целью пропаганды здорового образа жизни среди учащихся была организована спортивная эстафетная игра. В мероприятии приняли активное участие учащиеся 8-11 классов. Основная цель соревнований-научить учащихся избегать вредных привычек, в частности наркомании, лудомании, курения и токсикомании. Также было предусмотрено укрепление здоровья учащихся, развитие их физических способностей, таких как быстрота, скорость, выносливость и приобщение к ведению здорового образа жизни. В ходе эстафетной игры учащиеся проявили активность, проявили сплоченность и интерес к спорту.