Алматы қаласы Білім басқармасының
«№11 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 234-10-46
Есепші бөлімі:
+7 (727) 290-57-52
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Абайдың 180 жылдығына арналған сахналық қойылым
30
қыркүйек
2025

Абайдың 180 жылдығына арналған сахналық қойылым

№11 жалпы білім беретін мектептің «№11-киелі сахна» театрының ұйымдастыруымен ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған сахналық қойылым өтті.
«Қазақтың бас ақыны – Абай» атты бұл қойылымда оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылығын терең түсініп, шеберлікпен сахналап шықты. Қойылым үш ғасырды қамтып, Абайдың бала кезінен бастап, кемелденген шағына дейінгі өмір жолын, ағартушылық қызметін, ел болашағына алаңдаған терең ойларын көрерменге ұсынды.
Шараның мақсаты – орыс тілінде білім алатын оқушыларға Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын, ағартушылық рөлін, ұлттық болмысымыздағы орнын сахна арқылы жеткізу болды. Сонымен қатар, бұл қойылым оқушылардың өнерін шыңдап, қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
Көрермендер — ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар — қойылымнан ерекше әсер алып, оқушылардың орындаушылық қабілетіне жоғары баға берді. Абайдың қара сөздері мен өлеңдері, музыкалық көріністер мен тарихи сахналар ұлы тұлғаның болмысын ашуға сеп болды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: