23
сәуір
2025
Ұлттық кітап күні / Национальный день книги
Алматы қаласы Білім басқармасының тапсырмасы бойынша «23 сәуір - Ұлттық кітап» күніне орай Республикалық ғылыми педагогикалық кітапханасының ұйымдастыруымен Түрксіб ауданы №11 жалпы білім беретін мектепте кітап күніне байланысты «Абай - ұлы ақын әрі ойшыл» деп аталатын оқырман конференциясы өтті. Бұл іс шараға «Әдебиеттерді өңдеу» бөлімшесінің қызметкері Абдихалиева Жанар Даулетхановна қатысты. Осы оқырман конференциясының мақсаты: Абайдың қара сөздері мен өлеңдерінің тәрбиелік мәнін ашу; «жақсыдан үйрен, жаманнан жирен» деген нақыл сөз арқылы оқушыларды толық адам болуға баулу; өз ойларын толық жеткізе білуге дағдаландыру; сөйлеу мәдениетіне үйрету, адал достыққа тәрбиелеу. Мектеп директоры Агыбаева Салтанат Ақылбековна, оқу ісі жөніндегі орынбасары Кенжебек Гүлсара Есенбекқызы, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Есимбекова Әсемгүл Дюсембекқызы, орыс тілі мен әдебиет пәннің мұғалімі Иванова Елена Юрьеновна және кітапхана меңгерушісі Абижанова Бота Айбасовнаның басқаруымен іс-шара ұйымдастырылды. Оқушылар Абайдың өмірбаянымен танысып, өлеңдерін оқыды, «Көзімнің қарасы» әнін орындады. Сонымен қатар, «Қара сөздерін» талқылап, керемет қызықты ойларымен бөлісті.



