11
наурыз
2025
Авторлық бағдарлама / Авторская программа
№11 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі АБУБАКИРОВА ЛУИЗА АБЗАЛОВНА, «Тіл дамыту және сөйлеу мәдениеті» тақырыбында 6- сынып оқушыларына арналған элективті курстың бағдарламасы бойынша трансляция жасады. Конференция 11.03.2025 ж. ZOOM (https://clck.ru/3LYksA ) платформасында өткізілді.
«Тіл дамыту және сөйлеу мәдениеті» тақырыбындағы элективті курстың бағдарламасы 6-сынып оқушыларына арналған. Өзге тілді мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқушылардың тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым дағдыларын дамытуға негізделген. Аталған дағдылар негізінен оқушының шынайы өмірде замандастарымен еркін араласуына мүмкіндік жасайды. Сонымен қатар өзара пікірлесе отырып, көзқарасын еркін білдіруге дағдыланады. Орыс тілінде білім алатын сыныптар үшін тіл дамыту және қазақша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру аса маңызды. Оқудың тиімді жолын меңгерген оқушы оқығаны бойынша талдау жасай алады, ойын еркін жеткізеді. Және сауатты жазады. Оқушы өзіне керекті ақпаратты тыңдап, қорытынды шығарады.
Орыс тілінде білім алатын сыныптар үшін тіл дамыту және қазақша сөйлеу мәдениетін қалыптастыру және дамыту, әртүрлі шығармашылық жұмыстар арқылы түрлі көзқарас, ой-пікірлерді қатар қою, салыстыру, саралау арқылы өзінің көзқарас, ой-пікірін дәлелдеу, оқушыны кез келген құбылыс немесе оқиғаға қатысты өз пікір жеткізуге қалыптастыру - аталған курстың негізгі мақсаты.
Трансляцияға Бостандық ауданының мұғалімдері А.М.Ауғанбаева, Еркінбекова А, Жетісу ауданынан Н.Батырханова т.б. және Түрксіб ауданы мектептерінің мұғалімдері қатысты.