Мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру салтанаты /Церемония
Мектеп бітіруші түлектерге аттестат тапсыру салтанаты — бұл оқушылардың өміріндегі аса маңызды әрі есте қаларлық сәттердің бірі. Бұл шара оқушылардың 11 жылдық мектеп өмірін қорытындылап, жаңа өмірге – жоғары оқу орнына немесе еңбек жолына қадам басар алдындағы маңызды кезең болып саналады. Қымбатты түлектер! Сіздерді өмірлеріңіздегі маңызды белестің бірі — оқу орнын сәтті аяқтағандарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Алдағы өмір жолдарыңыз жарқын болып, армандарыңыз орындала берсін!