Алматы қаласы Білім басқармасының
«№11 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 234-10-46
Есепші бөлімі:
+7 (727) 290-57-52
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қаржылық сауаттылық бойынша сабақтар/ Уроки по финансовой грамотности
15
желтоқсан
2025

Қаржылық сауаттылық бойынша сабақтар/ Уроки по финансовой грамотности

Қаржылық сауаттылық бойынша оқу бейне сабақтарын әзірлеу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының 71-тармағын орындау үшін мектеп, арнаулы орта және жоғары білім беру ұйымдары үшін қаржылық сауаттылық негіздері бойынша оқу бағдарламаларының жобасын әзірледі.
Аталған жобаны іске асыру шеңберінде, сондай-ақ орта арнайы білім беру ұйымдарының оқушылары мен студенттерінің қаржылық сауаттылық деңгейін арттыру бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Агенттік 12-15 жастағы балалар үшін мемлекеттік және орыс тілдерінде қаржылық сауаттылық бойынша 16 оқу бейне сабағын дайындады.
Бейне сабақтар қолжетімді және түсінікті форматта, 3 минутқа дейінгі хронометражбен ұсынылған және мынадай негізгі тақырыптарды қамтиды:
жеке бюджетті басқару;
банк карталарын пайдалану ережесі;
онлайн ойындардағы қауіпсіз шығыстар;
кең таралған қаржылық қателер және оларды болдырмау тәсілдері;
білім беруге қаражат жинақтау;
инвестициялау негіздері;
қаржылық алаяқтық және жеке қаржылық қауіпсіздік мәселелері.
Әзірленген бейнематериалдар өскелең ұрпақта жауапты қаржылық мінез-құлық пен жеке қаржыны басқарудың практикалық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған.

О разработке учебных видеоуроков по финансовой грамотности

Агентством Республики Казахстан по регулированию и развитию финансового рынка (далее – Агентство) во исполнение пункта 71 Общенационального плана мероприятий по реализации Послания Главы Государства от 2 сентября 2024 года разработан проект учебных программ по основам финансовой грамотности для организаций школьного, среднего специального и высшего образования.

В рамках реализации данного проекта, а также в целях проведения информационно-разъяснительной работы по повышению уровня финансовой грамотности школьников и студентов организаций среднего специального образования, Агентством подготовлены 16 учебных видеоуроков по финансовой грамотности для детей в возрасте 12–15 лет на государственном и русском языках.

Видеоуроки представлены в доступном и понятном формате, с хронометражем до 3 минут, и охватывают следующие ключевые темы:

  • управление личным бюджетом;

  • правила пользования банковскими картами;

  • безопасные расходы в онлайн-играх;

  • распространённые финансовые ошибки и способы их предотвращения;

  • накопление средств на образование;

  • основы инвестирования;

  • финансовое мошенничество и вопросы личной финансовой безопасности.

Разработанные видеоматериалы направлены на формирование у подрастающего поколения ответственного финансового поведения и практических навыков управления личными финансами.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: