Тіл мерекесі » Школа №11 г. Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№11 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 234-10-46
Есепші бөлімі:
+7 (727) 290-57-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
қыркүйек
2019

Тіл мерекесі

    «Тіл – қоғамның айнасы». Тіл бар жерде халық бар, тілде тұтас халықтың сан ғасырлық еңбегі бар» - бұл бүгін Алматы қаласы Түрксіб ауданының №11 жалпы білім беретін мектебінде «Тілдер мерекесіне» орайлас өткізілген кездесуінде қоғам қайраткері, ғалым, мемлекеттік тілдің жанашыры Асылы Әлиқызы Осман апайымыздың сөзі. 

   2019 жылдың 24 қыркүйегі мектеп оқушылары мен ұстаздарының есінде көпке дейін қалары сөзсіз. Асылы апай -тілі дуалы, әңгімесі ғибратты ұлт зиялысы, Қазақстан халықтары Ассамблеясының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор, «Парасат» орденінің, «Тіл жанашыры» төсбелгісінің иегері. Кешке қатысқан ата-аналар, оқушылар, ұстаздар қауымы асыға күткен бұл кездесуден өмірлеріне бірталай сабақ алды деп ойлаймын. Оқушылар қойған әдеби-сазды кешті тамашалаған Асылы апай өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілде өлең оқып, ән салып,би билеп, күй тартқанына, жүргізуші 8 «А» сынып оқушысы Плотникова Софияның сөйлеу мәнерінің тазалығына тәнті болып, ризашылығын білдірді, батасын берді.
 
 

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: