Наурызнама онкүндігі / Декада Наурызнама
14 наурыздан бастап елімізде "Наурызнама" онкүндігі басталады! Бұл мереке бір күнмен шектелмей, 10 күн бойы ұлттық дәстүрлер мен мәдени құндылықтарды дәріптеуге арналған. Наурыз - тек жаңа жылдың бастауы ғана емес, бірлік пен жақсылықтың мейрамы! Алматы қаласының білім беру ұйымдарын осы игі дәстүрді қолдап, ұрпақ санасына ұлттық құндылықтарды сіңіруге атсалысуға шақырамыз!