Сынып сағаты / Классный час
“Буллингке жол жоқ!” сынып сағаты өтті Бүгін мектебімізде «Буллингке жол жоқ!» тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушыларға буллинг ұғымын түсіндіру, оның түрлері мен салдарын көрсету және бір-біріне құрметпен қарауға тәрбиелеу. Сынып сағатында бейнероликтер көрсетіліп, сұрақ-жауап арқылы пікір алмасу жүргізілді. Оқушылар өз ойларымен бөлісіп, қиын жағдайға тап болғанда қайда жүгіну керектігін білді. Бұл шара – мейірімділік пен түсіністікті насихаттауға бағытталған