№11 КММ ЖББ мектебіндегі «Қарлығаш» жазғы мектеп лагері туралы
2024 жылдың 27 мамырында №11 ЖББ мектепте «Қарлығаш» жазғы лагерінің ашылуы өтті. Мектеп жанындағы лагерьге 1-4 сынып оқушылары 175 оқушы мен халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы балалар, сонымен қатар профилактикалық есепте тұрған оқушылар: әлеуметтік жағдайы төмен отбасының, мектепшілік бақылау есебінде тұрған балалар, Тәуекел тобының балалары, кәмелетке толмағандар ісі бөлімінде есепте тұрған балалар тәрбиешілердің көмекшісі ретінде қатысады. Мектеп жанындағы лагерьде 8 отряд бар.