«Ғылымға апарар жол» кітап көрмесі
Бүгін кітапханамызда «Ғылымға апарар жол» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – оқырмандарды ғылым әлемімен таныстырып, олардың білімге деген қызығушылығын арттыру. Көрмеде ұлы ғалымдардың еңбектері мен өмір жолы, танымдық энциклопедиялар, сондай-ақ заманауи ғылым жетістіктері туралы кітаптар ұсынылды. Атап айтқанда, Әл-Фараби, Қаныш Сәтбаев, Альберт Эйнштейн сынды ғалымдардың мұралары қамтылды. Көрме барысында оқырмандар ғылымның түрлі салалары бойынша жаңа мәліметтер алып,