Алматы қаласы Білім басқармасының
«№11 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 234-10-46
Есепші бөлімі:
+7 (727) 290-57-52
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Соңғы қоңырау /Последний звонок
25
мамыр
2026

Соңғы қоңырау /Последний звонок

“Білімім – Отаныма” атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны өтті

“Білімім – Отаныма” атты соңғы қоңырау салтанатты жиыны мектеп қабырғасында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ерекше әсерге толы мерекелік көңіл күйде өтті. Бұл күн – мектеп бітіруші түлектер үшін тек білім ордасымен қоштасу ғана емес, балалық шақпен қимай қоштасып, үлкен өмірге нық қадам басқан тарихи әрі ұмытылмас сәт болды.

Салтанатты жиынға ұстаздар, ата-аналар, ардагер педагогтер мен қонақтар қатысып, түлектерге жүрекжарды тілектерін арнады. Мектеп директоры мен сынып жетекшілері жас түлектердің білім жолындағы жетістіктерін атап өтіп, олардың алдағы өміріне сәттілік тіледі. Сонымен қатар оқу, спорт, өнер және қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытқан оқушылар марапатталып, олардың еңбектері ерекше құрметпен дәріптелді.

Кеш барысында оқушылардың әсерлі әндері мен жүрек тебірентерлік өлеңдері орындалып, мектеппен қоштасу сәттері көрермендерге ерекше эмоция сыйлады. Түлектер ұстаздарына шынайы алғыстарын білдіріп, мектеп қабырғасында өткен қызықты әрі қымбат естеліктерін еске алды. Ата-аналардың ақ тілегі мен ұстаздардың батасы жиынның маңызын одан әрі айшықтай түсті.

Сыңғырлаған соңғы қоңырау үні – әр түлек үшін жаңа өмірдің бастауы, асқақ арман мен биік мақсаттарға бастар жолдың нышаны болды. Бұл күн әр шәкірттің жүрегінде мәңгі сақталатын жарқын естелікке айналды.

Түлектерімізге ақ жол, жарқын болашақ, толағай табыс пен биік белестер тілейміз! Ел болашағының тірегі болатын жас түлектеріміз қай жерде жүрсе де, туған мектебінің мерейін асырып, ел үмітін ақтайды деген сенімдеміз.


Состоялось торжественное собрание последнего звонка «Білімім - Отаныма»

Торжественное собрание «Білімім - Отаныма» прошло на высоком уровне в стенах школы в праздничном настроении. Этот день стал для выпускников не только прощанием с учебным заведением, но и историческим и незабываемым моментом в жизни выпускников.
В торжественном собрании приняли участие учителя, родители, ветераны-педагоги и гости, которые передали выпускникам свои наилучшие пожелания. Директор школы и классные руководители отметили успехи молодых выпускников в образовании и пожелали им успехов в дальнейшей жизни. Также были награждены учащиеся, проявившие активность в учебной, спортивной, художественной и общественной деятельности.
На вечере прозвучали впечатляющие песни и трогательные стихи учеников, а прощание со школой подарило зрителям особую эмоцию. Выпускники выразили искреннюю благодарность учителям и вспомнили интересные и дорогие воспоминания, которые прошли в стенах школы. Пожелания родителей и благословение учителей еще больше подчеркнули значимость мероприятия.
Последний звонок - начало новой жизни для каждого выпускника, символ высшей мечты и пути к высоким целям. Этот день стал ярким воспоминанием, которое навсегда останется в сердцах каждого ученика.
Желаем выпускникам светлого пути, светлого будущего, больших успехов и больших успехов! Надеемся, что наши молодые выпускники, которые станут опорой будущего страны, где бы они ни находились, превзойдут славу родной школы и оправдают надежды страны.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: