«Алматы – таза қала» жобасы / «Алматы – чистый город»
2026 жылғы 25 сәуірде № 11 ЖМ КММ-де Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашылық еткен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы шеңберінде сенбілік өткізілді. Аталған іс-шара оқушылар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды дамытуға, сондай-ақ «Адал адам - Адал еңбек - Адал табыс» жалпыұлттық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған.Сенбілік барысында оқушылар, педагогтар мен мектеп қызметкерлері аумақты абаттандыруға белсене қатысты: мектеп ауласын тазалау, жасыл желектерді отырғызу жұмыстары жүргізілді, іргелес жатқан жерлер қоқыстан тазартылды. Мұндай іс-шаралар қоршаған орта үшін жауапкершілікті тәрбиелеуге ықпал етеді, командалық рухты нығайтады және өскелең ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастырады.
Сенбілікті өткізу туған өлкенің тазалығы мен экологиялық әл-ауқатын сақтау ісіне маңызды үлес қосты.
25 апреля 2026 года в КГУ ОШ №11 был проведён субботник в рамках республиканской экологической акции «Таза Қазақстан», инициированной Президентом Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев. Данное мероприятие направлено на формирование экологической культуры среди учащихся, развитие бережного отношения к окружающей среде, а также популяризацию общенациональных ценностей: «Честный человек – Честный труд – Честный успех».
В ходе субботника учащиеся, педагоги и сотрудники школы приняли активное участие в благоустройстве территории: проведена уборка школьного двора, высадка зелёных насаждений, очищены прилегающие участки от мусора. Подобные мероприятия способствуют воспитанию ответственности за окружающую среду, укрепляют командный дух и формируют у подрастающего поколения активную гражданскую позицию.
Проведение субботника стало важным вкладом в общее дело сохранения чистоты и экологического благополучия родного края.

