Алматы қаласы Білім басқармасының
«№11 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 234-10-46
Есепші бөлімі:
+7 (727) 290-57-52
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ата-аналар жиналысы / Родительское собрани .«Баланың қауіпсіздігі – басты назарда» /«Безопасность ребенка - в центре внимания».
24
сәуір
2026

Ата-аналар жиналысы / Родительское собрани .«Баланың қауіпсіздігі – басты назарда» /«Безопасность ребенка - в центре внимания».

24.04.2026 жылы №11 жалпы білім беретін мектепте «Баланың қауіпсіздігі – басты назарда» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.

Жиналыста келесі маңызды мәселелер қаралды:

  1. Кәмелетке толмағандар арасында терроризм мен экстремизмнің алдын алу.
  2. Баланың қауіпсіздігі мен тәртібі үшін заң талаптарын сақтау.
  3. Мектеп оқушыларының жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
  4. Баланы мектептен тыс аумақта қорғау шаралары (спорттық және мәдени іс-шаралар).
  5. Балалардың интернеттегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету (онлайн зорлық-зомбылық, кибербуллинг).
  6. Ата-аналар мен мектептің ынтымақтастығы: балалардың қауіпсіздігі мәселесін бірлесіп шешу жолдары.
  7. Қауіпсіздік бойынша оқушыларды оқыту: семинарлар мен тренингтердің қажеттілігі.
  8. Балалардың психикалық қауіпсіздігі: стресстен арылу, конфликтілерді шешу әдістері.
  9. Қауіпті жағдайларда хабарласатын нөмірлер мен жедел қызметтер туралы ақпараттандыру.
  10. Мектептегі қауіпсіздік шаралары: күзет және бейнебақылау жүйелері.

Жиналыс барысында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабы кеңінен түсіндірілді. Аталған бапқа сәйкес, ата-аналар немесе заңды өкілдер бала тәрбиелеу, оны оқыту және оның құқықтары мен мүдделерін қорғау бойынша өз міндеттерін толық әрі жауапкершілікпен орындауға міндетті.

Егер ата-аналар бұл міндеттерді орындамаса (мысалы, баланың сабаққа себепсіз келмеуі, қараусыз қалуы, оның мінез-құлқына бақылау жасалмауы), онда олар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Мұндай жағдайда заңнамада ескерту жасау немесе айыппұл салу сияқты жазалар қарастырылған. Сонымен қатар, қайталанған немесе өрескел бұзушылықтар кезінде жауапкершілік күшейтілуі мүмкін екені атап өтілді.

Жиналыста мектеп директоры Агыбаева С.А. және Түрксіб ауданы ПБ ҚҚБ ЮПБ инспекторы, полиция майоры Джолдасбекова С.Б. 1–11 сынып оқушыларының ата-аналарына құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде ата-ананың рөлі ерекше маңызды екенін атап өтті.

Кездесу барысында ата-аналарға балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру, интернет қауіпсіздігін сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және мектеппен тығыз байланыста болу қажеттігі жөнінде нақты ұсыныстар берілді.


24.04.2026 года в общеобразовательной школе № 11 состоялось родительское собрание на тему «Безопасность ребенка - в центре внимания».
На совещании были рассмотрены следующие важные вопросы:
1.Профилактика терроризма и экстремизма среди несовершеннолетних.
2.Соблюдение требований законодательства для безопасности и поведения ребенка.
3.Обеспечение безопасности школьников во время летних каникул.
4.Меры защиты ребенка на внешкольной территории (спортивные и культурные мероприятия).
5.Обеспечение безопасности детей в Интернете (онлайн-насилие, кибербуллинг).
6.Сотрудничество родителей и школы: пути совместного решения проблемы безопасности детей.
7.Обучение учащихся по безопасности: необходимость семинаров и тренингов.
8.Психическая безопасность детей: снятие стресса, методы разрешения конфликтов.
9.Информирование о контактных номерах и оперативных службах в опасных ситуациях.
10.Меры безопасности в школе: системы охраны и видеонаблюдения.

В ходе совещания разъяснена статья 127 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях. Согласно указанной статье родители или законные представители обязаны полностью и ответственно выполнять свои обязанности по воспитанию, обучению и защите прав и интересов ребенка.
Если родители не выполняют этих обязанностей (например, неявка ребенка на занятия без уважительных причин, оставление без присмотра, отсутствие контроля за его поведением), то они привлекаются к административной ответственности. В таких случаях законодательство предусматривает такие наказания, как предупреждение или штраф. Также было отмечено, что при повторных или грубых нарушениях может быть усилена ответственность.
На совещании директор школы Агыбаева С.А. и инспектор УЮП УП Турксибского района майор полиции Джолдасбекова С.Б. провели праворазъяснительную работу с родителями учащихся 1-11 классов и отметили особую роль родителей в обеспечении безопасности детей.
В ходе встречи родителям были даны конкретные рекомендации по эффективной организации досуга детей, соблюдению безопасности интернета, профилактике правонарушений и необходимости тесного взаимодействия со школой.
















Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: