Алматы қаласы Білім басқармасының
«№11 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 234-10-46
Есепші бөлімі:
+7 (727) 290-57-52
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ғылымға апарар жол» кітап көрмесі
13
сәуір
2026

«Ғылымға апарар жол» кітап көрмесі

Бүгін кітапханамызда «Ғылымға апарар жол» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – оқырмандарды ғылым әлемімен таныстырып, олардың білімге деген қызығушылығын арттыру.

Көрмеде ұлы ғалымдардың еңбектері мен өмір жолы, танымдық энциклопедиялар, сондай-ақ заманауи ғылым жетістіктері туралы кітаптар ұсынылды. Атап айтқанда, Әл-Фараби, Қаныш Сәтбаев, Альберт Эйнштейн сынды ғалымдардың мұралары қамтылды.
Көрме барысында оқырмандар ғылымның түрлі салалары бойынша жаңа мәліметтер алып, қызықты кітаптармен танысуға мүмкіндік алды.
📖 Ғылым – болашақтың кілті!

Сегодня в нашей библиотеке была организована книжная выставка «Дорога в науку". Цель выставки-познакомить читателей с миром науки и повысить их интерес к знаниям. 
На выставке были представлены труды великих ученых и книги о жизненном пути, познавательные энциклопедии, а также достижения современной науки. В частности, было освещено наследие таких ученых, как Аль-Фараби, Каныш Сатпаев, Альберт Эйнштейн. 
В ходе выставки читатели получили новые сведения по различным отраслям науки и возможность познакомиться с интересными книгами.
📖 Ғылым наука-ключ к будущему!

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: