13
наурыз
2026
Қазақтың ұлттық ойындары
Түрксіб ауданының командасы (Ош №50, Ош №11, Ош №106 мектептерінің оқушылары) қазақтың ұлттық ойындарын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылған қалалық балаларға арналған ерекше спорттық жарысқа қатысты. Жарыс барысында 3–4, 5–6 және 7–8 сынып оқушылары арасында «Арқан тарту» ұлттық ойыны бойынша тартысты әрі қызықты бәсеке өтті.
Команда мүшелері өздерінің бірлігін, күш-жігерін және ұйымшылдығын көрсете отырып, жоғары нәтиже көрсетіп, қалалық жарыста 2-орынды иеленді. Бұл жетістік оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, қазақтың ұлттық ойындарын насихаттауға үлкен үлес қосты.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Осындай жетістіктер көп болып, алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындыруға тілектеспіз! 🎉🏆👏


