Алматы қаласы Білім басқармасының
«№11 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 234-10-46
Есепші бөлімі:
+7 (727) 290-57-52
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Кәсіптік бағдар беру/Профориентация
17
сәуір
2026

Кәсіптік бағдар беру/Профориентация

Алматы темір жол колледжі 9–11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру мақсатында арнайы кездесу ұйымдастырды. Іс-шара барысында колледж өкілдері білім беру бағдарламалары, мамандықтар ерекшелігі және оқу орнына түсу талаптары туралы жан-жақты ақпарат берді.Кездесу барысында темір жол саласындағы мамандықтардың маңыздылығы, еңбек нарығындағы сұранысы және болашақтағы мансаптық мүмкіндіктері түсіндірілді. Сонымен қатар студенттік өмір, өндірістік тәжірибе, материалдық-техникалық база және оқу үдерісінің ерекшеліктері туралы айтылды.Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Мұндай кәсіби бағдар беру шаралары жастардың болашақ мамандығын дұрыс таңдауына бағыт-бағдар беріп, саналы шешім қабылдауына мүмкіндік береді.

Алматинский железнодорожный колледж организовал профориентационную встречу с учащимися 9-11 классов. В ходе мероприятия представители колледжа предоставили исчерпывающую информацию об образовательных программах, специфике специальностей и требованиях к поступлению в учебное заведение. В ходе встречи были разъяснены важность специальностей в железнодорожной отрасли, спрос на рынке труда и перспективы карьерного роста. Также были рассказаны о студенческой жизни, производственной практике, материально-технической базе и особенностях учебного процесса. Учащиеся задавали интересующие их вопросы и получали конкретные ответы. Такие профориентационные мероприятия позволяют молодым людям принимать осознанные решения, ориентируясь на правильный выбор будущей профессии.


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: