Алматы қаласы Білім басқармасының
«№11 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 234-10-46
Есепші бөлімі:
+7 (727) 290-57-52
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі.
12
желтоқсан
2025

Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі.

12 желтоқсан 2025 жылы мектебімізде «Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі» атты тағылымдық мерекелік іс-шара жоғары деңгейде өтті. Бұл шараның негізгі мақсаты – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының тарихи маңызын жас ұрпаққа терең түсіндіру, ұлттық рух пен отансүйгіштік құндылықтарды дәріптеу болды.
Іс-шараға арнайы қонақ ретінде Желтоқсан оқиғасына қатысқан Бегалиева Зауре Сабырхановна шақырылып, ол сол бір ауыр да тағдырлы кезең туралы өз естеліктерімен бөлісті. Оның жүрекке жеткен әңгімелері оқушыларға үлкен ой салып, тәуелсіздіктің қадірін терең сезіндірді.
Шара барысында оқушылар Желтоқсан оқиғасының тарихи тағылымы туралы деректер келтіріп, патриоттық әндер орындады, сондай-ақ сол кезеңнің рухын бейнелеген мазмұнды көріністер қойды. Іс-шара қатысушылардың ұлттық санасын оятып, елінің еркіндігі үшін күрескен жастардың ерлігін құрметтеуге үндеді.

12 декабря 2025 года в нашей школе прошло торжественное мероприятие «Желтоқсан шежіресі – елімнің мәртебесі»  Основной целью данного мероприятия было глубокое разъяснение подрастающему поколению исторического значения декабрьского события 1986 года, популяризация национального духа и патриотических ценностей. В качестве специального гостя на мероприятие была приглашена Бегалиева Зауре Сабырхановна, которая приняла участие в декабрьских событиях и поделилась своими воспоминаниями об одном тяжелом и судьбоносном периоде. Его рассказы, которые дошли до его сердца, вселили в учеников большие мысли и глубоко прочувствовали ценность независимости. В ходе мероприятия учащиеся приводили данные об исторических событиях Декабрьских Событий, исполняли патриотические песни, а также показывали содержательные сцены, отражающие дух того периода. Мероприятие пробудило национальное самосознание участников и призвало к чествованию подвига молодежи, боровшейся за свободу своей страны
.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: