21
қараша
2025
Кітапханаға саяхат
2025 жылдың 21 қарашасында 15-кітапханада «Ұлт мақтанышы – Міржақып» атты танымдық сағат ұйымдастырылды. Іс-шараға №11 мектептің 8-сынып оқушылары қатысып, қазақтың тұңғыш романының авторы, ақын, ағартушы, қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың өмірбаяны, шығармашылығы және ел үшін жасаған елеулі еңбектері туралы жан-жақты мағлұмат алды.Шара барысында оқушылар Міржақып Дулатовтың ұлт азаттық қозғалысындағы рөлі, әдеби мұрасы, ағартушылық қызметі жайлы мәліметтер тыңдап, жазушының шығармаларын талқылады. Танымдық сағат жас ұрпақтың тарихи тұлғаларға деген құрметін арттырып, ұлттық сананы қалыптастыруға ықпал етті.







