Алматы қаласы Білім басқармасының
«№11 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 234-10-46
Есепші бөлімі:
+7 (727) 290-57-52
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Профилактикалық әңгіме жүргізу / Профилактическая беседа
24
қазан
2025

Профилактикалық әңгіме жүргізу / Профилактическая беседа

№11 жалпы білім беретін мектепте ювеналды полиция бөлімінің майоры Джолдасбекова Салтанат Бекенқызы 8–9 сынып оқушыларымен «Буллингтің алдын алу» тақырыбында профилактикалық кездесу өткізді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында зорлық-зомбылық пен қорлау әрекеттерінің алдын алу, құрдастар арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты нығайту, құқықтық сауаттылықты арттыру және мектепте қауіпсіз орта қалыптастыру болды.Кездесу барысында оқушылар буллингтің түрлері, оның психологиялық және әлеуметтік салдары туралы толыққанды ақпарат алды. Сондай-ақ қиын жағдайға тап болғанда кімнен көмек сұрауға болатыны, қандай органдарға жүгіну керектігі түсіндірілді.Оқушылар тарапынан түрлі сұрақтар қойылып, тақырып бойынша ашық пікір алмасу жүргізілді. Іс-шара жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін арттыруға және қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға ықпал етті.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: