Алматы қаласы Білім басқармасының
«№11 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 234-10-46
Есепші бөлімі:
+7 (727) 290-57-52
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Калалық ата-аналар жиналысы «Балалар қауіпсіздігі – ортақ міндет»
01
қазан
2025

Калалық ата-аналар жиналысы «Балалар қауіпсіздігі – ортақ міндет»

Жиналыстың мақсаты – мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелеріне ата-аналардың назарын аудару, құқықтық тәрбие беру, мектеп пен ата-ана арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту.

Жиналыс барысында келесі өзекті мәселелер қарастырылды:

  • Балалардың өмір қауіпсіздігі және құқықтық тәрбие;

  • Интернет пен әлеуметтік желілердегі қауіпсіздік;

  • Жолда жүру ережелері мен көлік қозғалысындағы тәртіп;

  • Мектеп пен үй арасындағы қауіпсіз маршрут;

  • Ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігі;

  • Төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет ету алгоритмі.

Жиналысқа мектеп әкімшілігі, психолог, учаскелік инспектор және ата-аналар қауымы қатысты. Әр маман өз саласына қатысты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ата-аналарға пайдалы кеңестер мен нақты ұсыныстар берді.

Қорытынды:
Баланың қауіпсіздігі – тек мектептің емес, ата-ананың да, қоғамның да ортақ жауапкершілігі. Осы бағытта барлық тараптардың өзара әрекеттестігі мен бірлігі аса маңызды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: