Алматы қаласы Білім басқармасының
«№11 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 234-10-46
Есепші бөлімі:
+7 (727) 290-57-52
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Мектебім – мейірім мекені» атты Білім күніне арналған салтанатты жиын. Торжественная линейка, посвящённая Дню знаний «Моя школа – очаг добра».
01
қыркүйек
2025

«Мектебім – мейірім мекені» атты Білім күніне арналған салтанатты жиын. Торжественная линейка, посвящённая Дню знаний «Моя школа – очаг добра».

«Мектебім – мейірім мекені» атты Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті
Бүгін мектебімізде жаңа оқу жылының басталуына орай «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты жиын ұйымдастырылды. 
Бұл күн – әсіресе 1-сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндер үшін ерекше. Олар алғаш рет мектеп табалдырығын аттап, үлкен білім жолына алғашқы қадамдарын жасады. Жаңа оқу жылының басталуы олардың өміріндегі маңызды әрі толқынысқа толы сәттердің бірі болды.
Сонымен қатар, 11-сынып оқушылары үшін бұл — мектептегі соңғы оқу жылының алғашқы күні. Олар үшін алда үлкен сындар мен маңызды шешімдерге толы кезең тұр. Мектеп ұжымы түлектерге сәттілік тілеп, білім жолында табыс пен жеңістерге жетулеріне ниеттестік білдірді.
Салтанатты жиында ұстаздар мен ата-аналар жылы лебіздерін білдіріп, жаңа оқу жылының табысты әрі жемісті болуына тілектестік танытты.

Сегодня в нашей школе прошла торжественная линейка, посвящённая Дню знаний – «Моя школа – очаг добра».
Для первоклассников это стали первые шаги в увлекательный мир знаний, а для одиннадцатиклассников — начало важного, заключительного этапа школьной жизни.
Пусть новый учебный год принесёт всем ученикам яркие впечатления, вдохновение для новых достижений и уверенность в своих силах. Желаем больших побед, творческих открытий и настоящих друзей на этом пути знаний!


Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: