Алматы қаласы Білім басқармасының
«№11 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 234-10-46
Есепші бөлімі:
+7 (727) 290-57-52
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сынып сағаты / Классный час
17
ақпан
2025

Сынып сағаты / Классный час

Мектебімізде 1-11 сыныптар арасында «Әртүрлі жарақат түрлерінде алғашқы медициналық көмек көрсету» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 
Бұл іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға түрлі жарақаттар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетудің маңыздылығын түсіндіру, шұғыл әрекет ету дағдыларын қалыптастыру және төтенше жағдайларда дұрыс шешім қабылдауға үйрету.
Сынып сағаттары барысында оқушыларға жарақат түрлері, олардың алдын алу жолдары және алғашқы көмек көрсету әдістері туралы ақпарат берілді. Сондай-ақ, практикалық бөлімде оқушылар қан кету, күйік, есінен тану, сынық және басқа да жарақаттар кезінде алғашқы көмек көрсету тәсілдерін үйренді.
Бұл шара оқушылардың медициналық сауаттылығын арттырып, қауіпті жағдайларда өздерін және өзгелерді қорғауға мүмкіндік береді.

В нашей школе среди учащихся 1-11 классов были проведены классные часы на тему “Первая медицинская помощь при различных видах травм”.
Основная цель данного мероприятия – объяснить учащимся важность оказания первой медицинской помощи при различных травмах, сформировать навыки экстренных действий и научить принимать правильные решения в чрезвычайных ситуациях.
В ходе классных часов учащиеся получили информацию о видах травм, мерах их предотвращения и методах оказания первой помощи. В практической части они научились оказывать первую помощь при кровотечениях, ожогах, потере сознания, переломах и других травмах.
Данное мероприятие повысило уровень медицинской грамотности учащихся и помогло им подготовиться к правильным действиям в опасных ситуациях.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: