Алматы қаласы Білім басқармасының
«№11 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі:
+7 (727) 234-10-46
Есепші бөлімі:
+7 (727) 290-57-52
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ) / Мониторинг образовательных достижений обучающихся (МОДО)
22
қараша
2023

Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ) / Мониторинг образовательных достижений обучающихся (МОДО)

Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (ББЖМ) бойынша қолдау жұмыстары жалғасуда.

Ағымдағы жылдың 20-22 қарашасында Өрлеу Республикалық кәсіби даму институты қолдауымен «Менеджмент және инклюзивті білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Жаксылыкова Кенжегул Зарлыхановнаның жетекшілігімен Алматы қаласы Түрксіб ауданы №11 жалпы білім беретін мектеп педагогтеріне әдістемелік семинар ұйымдастырылды.

Семинардың мақсаты: білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру бағытындағы сапалы білімге қол жеткізуде тиімді инновациялық әдістерді пайдалану бойынша педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету.

Семинарға РКДИ профессорлық-оқытушылық құрамынан Жартынова Жанар Алибековна, Байболова Гулжанат Габдулахметовна, Ыбышева Алмагул Сеитжановна қатысып, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Семинар күндерінде педагогтермен ББЖМ қатысты өзекті сұрақтар талқыланып, пәндік құзыреттіліктерге бағытталған кеңестер мен ұсыныстар берілді, кері байланыс жұмыстары жүргізілді. Функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған және сындарлы оқытуға негізделген тиімді оқыту әдістемелері қарастырылып, құрастырылған тапсырмаларға талдау жүргізіліп, тәжірибелік жұмыстар жасалды.

Іс шара соңында ұйымдастырылған семинар күндеріне қорытынды жасалып, әдістемелік қолдау бағытындағы бірлесе жасалатын жұмыстардың жалғасатындығы айтылды.

****************************

Продолжается работа в оказании методической помощи и поддержки педагогам по мониторингу образовательных достижений обучающихся (МОДО).

С 20 по 22 ноября текущего года под руководством старшего преподавателя кафедры «Менеджмента и инклюзивного образования» Өрлеу Республиканского института профессионального развития Жаксылыковой Кенжегул Зарлыхановны организован и проведен методический семинар для педагогов общеобразовательной школы №11 Турксибского района г. Алматы.

Цель семинара – оказание методической поддержки и помощи педагогам в использовании эффективных инновационных методов, в достижении качественного образования, способствующие повышению функциональной грамотности обучающихся.

Благодарим тренеров, которые провели семинар в ОШ 11 Турксибского района. Понравилась атмосфера работы, разнообразие представленной информации, форм подачи материала. 






Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: